Іздестіру формасы

09 ақпан 2013

Дата размещения: 04.09.2017 - 10:00
Дата последнего обновления: 04.09.2017 - 10:00

Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің жауапты хатшысы М.Мырзалин а.ж. 7-8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізді. 

Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің жауапты хатшысы М.Мырзалин Елбасының  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобының құрамында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының «Қасым Қайсенов», «Асубұлақ», «Белая гора» ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Өз сөзінде М.Мырзалин мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі стратегиялық бағыттарына тоқталып, аудандар тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап берді. 

Сонымен қатар кездесулерге аудан әкімі С.Т.Төленбергенов, Шығыс Қазақстан облысы Дін істері департаментінің директоры М.А.Мұхамеджанов пен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының  бастығы Е.Ж.Нұрғалиев, қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зейнеткерлер, аудан мешіттерінің имамдары, мұғалімдер, жастар және мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.