Іздестіру формасы

30 қараша 2014

Дата размещения: 04.09.2017 - 9:55
Дата последнего обновления: 04.09.2017 - 9:55

Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.К. Кулекеевтің Батыс Қазақстан облысындағы ақпараттық жұмысы туралы

2014 жылғы 28-29 қараша күндері Елбасы Жолдауын Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша құрылған Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.К. Кулекеев және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Т.Р. Нығметов облыстың Сырым ауданының бірқатар елді мекендерінде, соның ішінде Жымпиты, Өлеңті, Бұлан, Бұлдырты, Алғабас ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндірді. Олар, сонымен қатар, өз салалары бойынша атқарып отырған жұмыстары жөнінде ақпараттар беріп, халық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

29 қараша күні Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудан орталығындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевпен бірге аудан активінің жиналысына қатысып, сөз сөйледі.