Іздестіру формасы

31 қазан 2014

Дата размещения: 04.09.2017 - 9:56
Дата последнего обновления: 04.09.2017 - 9:56

2014 жылғы 30-31 қазан күндері Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Шалабай ауылына, Шар қаласына, Қалбатау ауылына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі Республикалық ақпараттық топтың құрамында іссапармен барды.

30 қазан күні Ғ.Шойкин Шалабай ауылының, Шар қаласының және Қалбатау ауылының активімен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, еліміздегі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы іс-шараларда сонымен қатар ВКО Дін істері басқармасының бастығы  М.Мұхамеджанов, әкімнің орынбасары С.Брынзов қатысты. Осы іс-шаралар 300-ден астам адамды қамтыды.

31 қазан күні Ғ.Шойкин «Қазақстан – Өскемен» облыстық телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасы үшін мемлекеттік тілде сұхбат берді.