Іздестіру формасы

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы алу үшін үміткерлер тізімі жарияланды (2017 ж.)

Дата размещения: 06.10.2017 - 11:43
Дата последнего обновления: 06.10.2017 - 11:43

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсы бойынша жалпы ақпарат

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруге өтінімдер 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 31 тамызға дейін қабылданды. Конкурсқа республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде маңызы бар әлеуметтік мәселелерді шешуге үлестерін қосқан барлық ҮЕҰ қатысты. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар жүзеге асырды.

Барлығы 230 өтінім түсті. Толық құжаттар топтамасын ұсынбау себебі бойынша техникалық іріктеу барысында 14 өтінім қабылданбады. Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармағында көрсетілген 15 бағыт (номинация) бойынша 216 өтінім қарауға қабылданды:

- білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – 19 өтінім;

- азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау – 19 өтінім;

- қоршаған ортаны қорғау – 15 өтінім;

- жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 25 өтінім;

- демография проблемаларын шешу – 4 өтінім;

- гендерлік проблемаларды шешу – 6 өтінім;

- халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау – 49 өтінім;

- жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету – 8 өтінім;

- азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу – 4 өтінім;

- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау –  16 өтінім;

- мәдениет пен өнерді дамыту – 13 өтінім;

- тарихи-мәдени мұраны қорғау – 10 өтінім;

- қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту – 18 өтінім;

- өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу – 6 өтінім;

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу – 4 өтінім.

Аумақтық қамтылу бойынша өтінімдер барлық облыстардан түсті. Ең көп үміткерлер Астана қ. – 49 өтінім, Алматы қ. – 33 өтінім және Алматы облысынан – 29 өтінім. Әрі қарай кему реті бойынша ОҚО – 16, Павлодар облысы – 15, Жамбыл облысы – 11, Қостанай облысы – 11, Қарағанды облысы – 9, ШҚО – 9, БҚО – 7, Ақмола облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Қызылорда облысы – 5, Атырау облысы – 4, СҚО – 3, Ақтөбе облысы – 3.