Іздестіру формасы

Үйлестіру кеңесі жөніндегі ақпарат

Дата размещения: 13.10.2017 - 10:53
Дата последнего обновления: 11.02.2019 - 14:49

Үкіметтік емес секторды дамыту және оның мемлекеттік органдармен конструктивті қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Уәкілетті орган жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) қызмет істейді. 

2018 жылы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ ұсыныстарына сәйкес әзірленген Жұмыс жоспарына сәйкес ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің  4 отырысы өтті.

16 наурызда Үйлестіру кеңесінің отырысында 2017-2018 жылдарға арналған VII Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ҮЕҰ және жұртшылықтың қатысуы туралы мәселелер қарастырылды. Қоғамдық даму, қаржы министрліктері өкілдерінің, Павлодар облысы және Астана қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің баяндамалары тыңдалды.

ҮЕҰ-дан баламалы баяндамамен «Қазақстанның ҮЕҰ ақпараттық-ресурстық орталығы ұлттық желісі» ЗТБ және «Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТБ сөз сөйледі.

27 маусымда өткен кеңес отырысында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары жөніндегі халықаралық пактті (ЭӘМҚХП) іске асыруға қатысуы және балалар мен жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы   мәселелері қарастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктері өкілдерінің, Атырау, Ақмола облысы әкімдіктерінің баяндамалары тыңдалды.

ҮЕҰ-дан баламалы баяндамамен «Парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ, «Жұлдыз» балалардың қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағы» сөз сөйледі.

4 қазандағы Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды іске асыру барысы, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің рөлі және Қазақстанның VIII Азаматтық форумын өткізу мәселелері талқыланды.

Түркістан облысы әкімі орынбасарының, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директорының және «Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТБ президентінің баяндамалары тыңдалды.

 11 желтоқсанда Кеңес отырысында VIII Азаматтық форум нәтижелері және Қазақстанның VIII Азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы қарастырылды.

«Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТБ атқарушы директорының және Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының баяндамалары тыңдалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша осы бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік органдар үшін бірқатар ұсынымдар дайындалды.

Жалпы 2018 жылы Кеңес жұмысының барысында 61 ұсыным берілді.

Оның ішінде 32-сі орындалды, 29-ы орындалу барысында.

Үйлестіру кеңесі ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат Министрліктің сайтында жарияланды.

Сонымен қатар, Қоғамдық даму министрлігінің жаңа тәсілдері  ескеріле отырып, Кеңестің құрамы кеңейтілді. Оған ҮЕҰ басшылары мен министрдің орынбасарларынан басқа Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.

Сонымен бірге, Қазақстанның Азаматтық Альянсының (ҚАА) рөлі айқындалды. ҚАА президенті Кеңес төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қоса, отырысты өткізу жиілігі қайта қарастырылды. ҮЕҰ-мен өара іс-қимылдың түрлі алаңдарының барын ескере отырып, сондай-ақ Кеңес ұсынымдарының тиімділігін арттыру мақсатында Кеңес отырысын өткізу жиілігі жарты жылдық форматқа ауыстырылды.