Іздестіру формасы

Үйлестіру кеңесі жөніндегі ақпарат

Дата размещения: 13.10.2017 - 10:53
Дата последнего обновления: 17.07.2019 - 17:32

2018 жылы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы кеңейтілді. Сонымен, ҮЕҰ басшылары мен министрлер орынбасарларынан басқа оған ҚР Парламентінің депутаттары мен бизнес қауымдастық өкілдері кірді. Сондай-ақ, Қазақстанның Азаматтық Альянсының (ҚАА) рөлі белгіленді. ҚАА президенті Кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

Сонымен қатар, отырыстарды өткізу мерзімділігі қайта қаралды. ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың әртүрлі алаңдарының жұмыс істеуін ескере отырып, сондай-ақ Кеңес ұсынымдарының тиімділігін арттыру мақсатында отырыстарды өткізу алгоритмі жарты жылдық негізге ауыстырылды.

Осылайша, 2019 жылы 26 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттаттары, орталық мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ басшыларының қатысуымен Кеңестің бірінші отырысы өтті.

Отырыс барысында:

1. Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы;

2. жастар жылы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ҮЕҰ-ның қатысуы және жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту;

3. «Ана Үйі» ҚҚ мемлекеттік емес агенттік құру;

4. Нұр-Сұлтан қаласындағы «iKomek» орталығының үлгісі бойынша «109» мониторинг және ден қою қызметінің (төтенше емес жағдайларда) жұмыс істеу моделін тарату мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді. Үйлестіру кеңесінің хаттамасы тиісті мемлекеттік органдарға орындау үшін жіберілді.